25 Ақпан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №79

343 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін
2016 жылғы 18 ақпан, Астана, Үкімет Үйі Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту және «Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1423 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы За­ңы­ның 39-бабы 3-тармағының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі; 2) қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларың, жұмыстарың, қызметтерің тізбесі мен көлемі бекітілсін. 2. «Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1423 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 88-89, 731-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларында: көрсетілген нормаларға қосымшада: «Азық-түлік өнімдерін алмастыру нормалары:» деген бөлімде: реттік нөмірі 5-жолда: үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: « сублимациялық кепкен пиязбен; 5 »; реттік нөмірі 9-жолда: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: « кепкен балықпен және сублимациялық кептірілген балықпен; 33 ». 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы №79 қаулысымен бекітілген Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі 1. Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. 2. Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің «Еңбек-Өскемен» республикалық мемлекеттік кәсіпорны. 3. Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің «Еңбек-Қарағанды» республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы №79 қаулысымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларың, жұмыстарың, қызметтерің тізбесі мен көлемі Р/с № Өндірілетін, орындалатын, көрсетілетін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы Өлшем бірлігі Жылдық көлемі 1 2 4 1. Нысанды киім 1 шалбары (белдемшесі) бар парадтық-салтанаттық мундир дана 5000 2 үлбір (қаракөл, қой терісі) жағасы бар нысанды пальто дана 2000 3 үлбір (қаракөл, қой терісі) жағасы бар нысанды жылы күрте дана 20000 4 плащ-пальто дана 20000 5 күнделікті китель, шалбар дана 20000 6 күнделікті китель, белдемше дана 20000 7 шалбары (белдемшесі) бар күнделікті костюм дана 20000 8 нысанды жемпір дана 20000 9 үлбір (қаракөл, қой) құлақшын дана 20000 10 парадтық-салтанаттық және күнделікті фуражка дана 15000 11 парадтық-салтанаттық және күнделікті кепка дана 5000 12 жеңге тағатын белгілер (шеврондар, жапсырмалар) дана 20000 13 погондар дана 20000 14 аксельбант, алтын түстес белдік және канительмен кесте дана 10000 15 былғары белбеу, жарақ дана 20000 16 нысанды киімге арналған фурнитура (кокарда, жұлдыздар, эмблемалар, филигранды бау, түймелер) дана 100000 17 тігін бұйымдарына арналған фурнитура дана 100000 18 кепкасы бар бүркеніш түсті жазғы костюм жиынтық 5000 19 бүркеніш түсті жылы костюм дана 5000 20 жеңі ұзын және қысқа көгілдір (ақ) түсті жейде дана 20000 21 жеңі бар жолақ жейде дана 45000 22 жазғы және жылы іш киім дана 20000 23 тоқылған нысанды бөкебай дана 20000 24 берет, пилотка дана 20000 25 күнделікті, парадтық қара түсті галстук дана 20000 26 белдігі бар плащ-жамылғы дана 5000 27 қара түсті мата биялай жұп 20000 28 ақ түсті парадтық-салтанаттық биялай жұп 20000 29 ерлердің, әйелдердің офицерлік туфлиі жұп 20000 30 ерлердің қысқа қонышты бәтеңкесі жұп 20000 31 әйелдердің қысқа қонышты етігі жұп 20000 32 ерлердің қысқа қонышты үлбір етігі жұп 20000 33 әйелдердің үлбір етігі жұп 20000 34 ұзын қонышты бәтеңке жұп 20000 35 ұзын қонышты жылы бәтеңке жұп 20000 36 арнайы рюкзак дана 5000 37 несессері бар сөмке дана 10000 38 ұйықтайтын қап дана 5000 2. Төсек орын керек-жарақтары 39 тоқылған телпек дана 40000 40 майка, трусилер дана 100000 41 шұлық-ұйық бұйымдары жұп 100000 42 спорттық футболка, трико дана 100000 43 үшкіл орамал дана 5000 44 сарафандар дана 5000 45 әйелдерге арналған ішкиім дана 10000 46 матаның кез келген түрінен тігілген спорттық костюмдер жиынтық 10000 47 жылы қолғаптар және биялайлар жұп 40000 48 жазғы баскиім дана 40000 49 жылы және жазғы ішкі киім дана 10000 50 госпитальдық жазғы костюм дана 10000 51 қысқа қонышты бәтеңке жұп 40000 52 жылы бәтеңке жұп 40000 53 спорттық аяқ киім жұп 10000 54 бөлмеде және госпитальде киетін аяқ киімдер жұп 40000 55 пималар жұп 5000 56 матрац дана 40000 57 ақжайма дана 40000 58 көрпе тысы дана 40000 59 жастық дана 40000 60 жастықтыс дана 40000 61 көрпе (жартылай жүнді, синтепонды, түкті) дана 40000 62 сүлгі дана 40000 63 жапқыш дана 40000 64 халат, қалпақ, бахилалар дана 5000 65 хирург костюмы дана 5000 66 медициналық жамылғы дана 5000 67 тыныштандыру жейдесі дана 5000 68 пижама дана 35000 69 жұмыс костюмі жиынтық 10000 70 жылы жұмыс костюмі (шалбар, күрте) жиынтық 10000 71 күртесі бар комбинезон дана 10000 72 өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі дана 5000 73 жұмыс қолғабы жұп 10000 74 құлақшын дана 35000 75 киізден жасалған металлург бас киімі дана 10000 76 жұмыс кеудешесі дана 35000 77 жұмыс халаты дана 20000 78 жүк түсіруге арналған кеудеше дана 15000 79 қайырмалы жағалар дана 30000 80 шұлғаулар дана 70000 81 жөргектер, жаялық, ішкөйлектер дана 15000 82 мектеп киімі жиынтық 15000 83 маска-телпек дана 5000 84 автомобильге арналған тыстар дана 5000 85 перделер дана 20000 3. Азық-түлік өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу 86 1 және 2-сұрыпты ұн өндірісі тонна 10000 87 1 және 2-сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан тонна 12000 88 қара бидай ұны мен 1-сұрыпты бидай ұны қоспасынан пісірілген нан тонна 1000 89 макарон өнімдері тонна 1000 90 жармаларды өңдеу тонна 5000 91 ет (қой, сиыр, жылқы, шошқа еті) тонна 600 92 ет өңдеу тонна 600 93 субөнімдер (өкпе, бауыр) тонна 100 94 тауық (жартылай тазартылған) тонна 80 95 тауық жұмыртқасы дана 2000000 96 ет, балық консервілері тонна 100 97 тұздалған балық тонна 100 98 басы жоқ мұздатылған балық (балық өңдеу) тонна 1000 99 тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы (мақсары, күнбағыс, мақта) тонна 1000 100 сүт, сүт өнімдері, майлар тонна 500 101 картоп тонна 3000 102 басты пияз тонна 300 103 қырыққабат тонна 500 104 қызылша тонна 500 105 сәбіз тонна 500 106 кептірілген жемістер және көкөністер тонна 500 107 тұздалған көкөністер тонна 500 108 қияр, томат тонна 500 109 шырындардың ассортименті тонна 200 110 жемшөп және қатты мал азығы (арпа, сұлы, шөп, сабан) тонна 100 4. Ағаштан және темірден бұйымдар жасау 111 үстел (бір, екі тумбалы, компьютерге арналған, кітапша, парта) дана 25000 112 киімге арналған шкаф дана 15000 113 қағазға және кітаптарға арналған шкаф дана 10000 114 ыдысқа арналған шкаф дана 10000 115 жұмсақ, жартылай жұмсақ орындық дана 10000 116 ағаштан жасалған орындық дана 5000 117 кереуеттің жанына қойылатын тумба дана 10000 118 кереует дана 10000 119 әртүрлі жиһаз дана 10000 120 балалар мекемелеріне арналған жиһаз жиынтық 1000 121 ағаштан жасалған бұйымдар (есік, терезе блоктары, рейкалар) м2 30000 122 бір қабатты және екі қабатты металл кереует дана 30000 123 қақпа, есіктер, терезе торы м2 10000 124 металл конструкциялар тонна 250000 125 баспалдақ (металл, ағаш және т.б.) дана 3000 126 тор-рабица м2 1000000 127 тікенді сым, жазық қауіпсіздік тосқауылы, спиральді қауіпсіздік тосқауылы, «Егоза» арматураланған иірілген тікенекті таспа қ.м 500000 128 көзге түсе бермейтін кедергі сымдар жиынтық 15000 129 металл шкафтар, сейфтер, урналар, сыйымдылықтар дана 75000 130 қысқа сапты, үшкір күрек дана 200000 131 шағын сәулет құрылыстары жиынтық 1000 132 подшипник роликтері: 28х28, 28х50, 32х32, 34х34, 42х42 дана 2400000 133 метиздер дана 3000000 134 шегелер дана 25000000 135 тырма, дискілер, лемех, грейдерлік пышақтар дана 200000 136 подшипник роликтері дана 100000 137 «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамның қажеттілігіне арналған металл бұйымдар және қосалқы бөлшектер дана 100000 138 транспортер таспасының тілігі дана 8000 139 жарнама қалқаны дана 1500 140 километрлік көрсеткіштер дана 10000 141 жол қоршаулары қ.м. 200000 142 сигнал бағаншалары дана 30000 143 шам бағаны дана 15000 144 тұрмыстық қажеттіліктерге арналған вагон дана 120 145 күзетші үйшігі дана 500 146 павильондар, сату үстелі, стеллаждар дана 15000 147 металлопластиктен жасалған терезелер, есіктер, витраждар м2 110000 148 шыны-пластик бұйымдар м2 5000 149 камераға арналған құлып, өтпелі дана 50000 150 жәшік ыдыс дана 10000 151 малдың ұшасын ілуге арналған таған немесе кронштейн дана 5000 152 өндірістік үстел дана 10000 153 тамақ дайындауға арналған жұмыс үстелі дана 10000 154 құрастырмалы-жиналмалы және стационарлық сөре дана 10000 155 асхана ыдыстарын сақтауға арналған сөре дана 5000 156 азық-түлікті сақтауға арналған сөрелер дана 5000 157 ет, балық және жеміс-жидек тасуға арналған зембіл-жәшіктер дана 5000 158 нанға арналған ұяшық дана 5000 159 мырышталған шелектер, легендер дана 10000 160 ыдыс жуу ваннасы дана 5000 161 киіз үй дана 1000 162 қайыс бұйымдар (ер-тоқым, ершік, қамыт, делбелер, жүген, тағалар) дана 3000 5. Құрылыс материалдарын және тастан жасалған бұйымдарды дайындау 163 бордюр тастары қ.м 15000 164 ескерткіштер м3 5000 165 шлакоблоктар м3 50000 166 кірпіш (саман, силикат, күйдірілген) дана 2000000 167 төсемтас, тротуар плиткасы м2 20000 168 көпіршік, құм, полистерол блогы м3 180000 169 әк тонна 25 170 сұйық шыны тонна 500 171 темір-бетон бұйымдары м3 20000 172 шойын құю бұйымдары тонна 500 6. Көрсететін қызметтер 173 құрылыс-монтаж жұмыстары мың теңге 4000000 174 ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс-жөндеу жұмыстары (ағымдағы, күрделі) мың теңге 5000000 175 жылу энергиясын өндіру мың теңге 3000000 176 электр энергиясын тасымалдау мың теңге 200000 177 сумен жабдықтау мың теңге 400000 178 сарқынды суларды тасымалдау мың теңге 400000 179 қоқыс шығару мың теңге 100000 180 көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу мың теңге 100000 181 ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу мың теңге 100000 182 режимдік объектілерге арналған төменгі вольтті жабдықтарды, инженерлік-техника­лық күзет құралдарын және бейнебақылау жүйесін әзірлеу, шығару және монтаждау жиынтық 100 183 жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу мың теңге 70000 184 кір жуу қызметтері мың теңге 10000 185 киімді жөндеу және шақтап тігу мың теңге 10000 186 инженерлік-техникалық құрылыстарға қызмет көрсету мың теңге 150000 187 өрт сөндіру мүкәммалын, өрт сөндіру көрсеткіштері мен белгілерін дайындау мың теңге 100000 188 сотталғандарды тамақтандыруды ұйымдастыру мың теңге 3000000 189 жолдар салу және реконструкциялау мың теңге 500000 190 елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыру мың теңге 50000 191 жүктерді жеткізу бойынша көліктік көрсетілетін қызметтер мың теңге 5000 192 жолаушыларды тасымалдау жөніндегі көліктік көрсетілетін қызметтер мың теңге 5000 193 авариялық ажырату кезінде дизельді электр станцияларынан электр энергиясын беру мың теңге 10000 194 су жылытатын қазандықтарды жөндеу мың теңге 5000 195 сабын, жуу және дезинфекциялау құралдарын өндіру кг 5000 196 кір жуу ұнтағын бөлшектеп салу кг 5000 197 полиграфиялық, типографиялық көрсетілетін қызметтер мың теңге 20000 198 түптеу-картондау көрсетілетін қызметтері мың теңге 5000 199 қағаз кесу кг 10000 Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: қ.м – қума метр м3 – текше метр м2 – шаршы метр кг – килограмм Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы №79 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін қылмыстық-атқару жүйесінің органдары сатып алатын түзеу мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ оларды өндіретін, орындайтын, көрсететін түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1002 қаулысы. 2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы кейбір ұйымдарды қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 cәуірдегі № 335 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 180-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1002 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1002 қаулысы. 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1002 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2282 қаулысы. 5. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 342 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 499-құжат). 6. «Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін қылмыстық-атқару жүйесінің органдары сатып алатын түзеу мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ оларды өндіретін, орындайтын, көрсететін түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1002 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 811 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 473-құжат).